Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Өмірбаян

Шемонаиха ауданының әкімі  Акулов Григорий Иосифович 

1966 жылы 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданының Медведка ауылында дүниеге келген, белорус, жоғары білімді, 1991 жылы «Мал дәрігері» мамандығы бойынша Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын бітірген. Институтты бітірген соң Шемонаиха ауданында «Белокаменский» совхозында аға, содан кейін бас мал дәрігері болып жұмыс істеді. 1996 жылдың қазанында аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің (басқармасы) бастығы болып тағайындалды. 1998 жылдың қаңтарында Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына, 2002 жылдың ақпанында Шемонаиха ауданының әкімі болып ағайындалды. 2008 жылдың наурызынан бастап – «Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің бастығы. 2010 жылдың сәуірінен – 2011 жылдың мамырына дейін – Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары. 2011 жылғы мамыр айынан 2018 жылғы желтоқсан айына дейін Бородулиха ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды. 2019 жылдың 08 қантарда облыс әкімі Д.К. Ахметовтың өкімімен Шемонаиха ауданының әкімі болып тағайындалды.