Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

«Мейірім» акциясы

«Мейірім» акциясы

         Шемонаиха қаласының аудандық Мәдениет үйінде Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж.Тоқтаровтың қатысуымен, «Мейірім» атты акциясына арналған қайырымдылық кеші өтті, онда патронаттық ұйымдарға жетім балаларды бекітудің кезекті қорытындысы өткізілді.

        Аудан әкімі А.Ж.Тоқтаров қатысушыларға, сондай-ақ балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын барлық шемонаихалықтарға, үлкен отбасы ретінде өз қамқорындағы балаларға көмек көрсететін патронаттық ұйымдарға, балаларға қол ұшын созып және достығын ұсынғандарға, келген қонақтарға ризашылығын білдірді.

        Патронаттық ұйымдардың басшылары В.И.Акулов – «Камышинское» ШҚ, Н.Н.Воробьев – «Шемонаихинское» ШҚ, С.А.Глушков – «Востоксельхозпродукт» ЖШС, А.К.Шурманов – «Убинское-Ш» ЖШС, Б.С.Сизиков – «Сизиков и К» ЖШС, «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ, «Камышинка «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» кешені» КММ басшыларына алғыс хаттар табысталды.

         Іс-шара жаңа патронаттық ұйымдармен әлеуметтік келісім шартқа қол қою рәсімімен жалғасты. Рәсімдеу барысында 13 жетім бала патронатқа алынды. Қонақтарға «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК  шығармашылық ұжымы мерекелік концерт ұсынды. Әр баланың балалық шағы бақытты, аспандары ашық болсын!

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз