Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Жеңіс мейрамы бірлікке шақырады

Жеңіс мейрамы бірлікке шақырады

Шемонаиха ауданы әкімінің Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының  ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесуі жыл сайын дәстүрге айналған.  Аудан әкімі Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров ардагерлерді Ұлы Отан соғысының 69-жылдығымен құттықтады: «Сіздерді 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр. Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша. Жеңіс күні біз соғыста Отанының бостандығы үшін қаза тапқандарға басымызды иеміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, бейбітшілік тілейміз, заманымыз тыныш болып, аспанымыз ашық болсын!», – деді. Ардагерлер өлеңдер оқып, ән салып өткен шақтарын  еске алды. Ауданның өнерпаздары соғыс жылдарының әндерін орындаса, тыл еңбеккері Антонина Дмитриевна Никифорва көңілді әндер шырқады.

            Соғыс жылдарында болған қиыншылықтар туралы Секен Жексембіұлы Ақшал, Максим Захарович Домовец, Александр Михайлович Ершов бөлісті. Олар жастайынан соғысқа аттанып, өмірлерін аямай бейбіт күн үшін күресіп, жеңіске жетті.

            Ершов Александр Михайлович өскелең ұрпаққа отанымыздың бірлігін сақтауды, Ұлы Отан соғысында Отан үшін жанын қиған ардагерлерді есте сақтау керектігін айтты. Аудан әкімі А.Ж.Тоқтаровқа соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері жасаған қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

            Кәсіпорындар мен ұйымдар, оқу мекемелерінің өкілдері Ұлы Отан соғысына қатысқандардың үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтап, гүлдер, мерекелік сыйлықтар ұсынды.

              Соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылды. Жыл сайын ардагерлер қатары сиреп келеді. Біздің борышымыз – өмірін аямай Отанын қорғағандарды мәңгілік есте сақтау!

 

 

 

 

 

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз