Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

ХХІ ғасырдың көшбасшысы

ХХІ ғасырдың көшбасшысы

   Шемонаиха ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау мақсатында апталық бастау алды.

  Н.Островский атындағы №1 орта мектебіндегі соңғы қоңырау қарсаңында «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығында қорытынды сабақ өтті.

  Іс-шара «ХХІ ғасырдың көшбасшысы» тақырыбы бойынша интеллектуалды ойын түрінде өтті. Ойынға үздік мектеп командасы үшін Шемонаиха қаласының №1, №3, №4, №5 орта мектептері, Усть-Таловка кентінің И.Астафьев атындағы мектеп-гимназиясы қатысты. Оларға аудан әкімі Амангелді Тоқтаров, аудан әкімінің орынбасары Ольга Булавкина, қала әкімі Мұрат Желдібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы С.Лычагина қолдау көрсетті. Тақырыптар «Мәңгілік ел» патриоттық жобасына, Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба, Әнұран, ұлттық мерекелерге қатысты алынды. Сұрақтар үш тілде оқылды: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде. Сондай-ақ, танысу, «Блиц – сауал», «Полиглот», «Шешендік шеберлігі» бойынша барлық командалар қызу сайысқа түсті. Ең үздік шешен ретінде: №1, №5 орта мектебінің команда капитандары танылды. Іс-шараның қорытынды бөлімінде мектептері туралы тұсаукесерді және мектепте өзін-өзі басқару бойынша ұсыныстар ұсынды.

Бірінші орынды №5 орта мектеп, екінші орынды Н.Островский атындағы №1 орта мектеп, үшінші орынды №4 орта мектеп иеленді. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Басқа командалар белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Ерекше белсенділік танытқан қатысушыларға орталықты оқып бітіргені туралы сертификат табыс етілді.  

Аудан әкімі Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров балаларды құттықтап, қоғамның және мемлекетіміздің белсенді азаматтары болып өсулеріне тілегін білдірді. Біздің мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің нышаны, ұлттық мақтанышымыз бен қорғанымыз болып табылады,-деді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірлік ұстанымын және салиқалы идеяларын жан-жақты пайдалану жолымен тұлғаны қалыптастыру, жеке табысқа жету әдістемесін дамыту, жаңа буынды тәрбиелеу бағытында «Қазақстан жолы» тәрбие-білім беру орталығының жұмысына оң баға берді.

Ардагерлер кеңесінің төрайымы С. Лычагина сөзінде: осындай іс-шаралар балаларды отан сүйгіштікке, дәстүрді сақтауға тәрбиелейді,  – деді.   Жеңімпаз атанған командаға естелік сыйлықтар тапсырды.

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз