Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Өшпес ерліктің марапаты

Өшпес ерліктің марапаты

        Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесі қарсаңында Беларусь Республикасынан Шемонаиха ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерейтой медальдары мен алғыс хаттары келіп жетті. 

     Белоруссияны неміс-фашисттік басқыншыларынан азат еткеніне 70 жыл толуына байланысты «Белоруссияны азат еткені үшін» медальдары 26 мемлекеттен 75 мыңға жуық Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне табыс етілді. Олардың ішінде біздің жерлестеріміз де бар. Александр Михайлович Ершов 1941 жылдың соңында майданға шақырылып, бірінші ұрысқа 1942 жылы 2 маусымда Москва түбінде қатысты. Ржев, Вязьма, Смоленск, Минск, Люблин, Вильнюсті азат етуге қатысып, Берлинге дейін жетті. Әйгілі Эльбе өзені жағалауындағы одақтастар кездесуінің куәгері.

         Максим Захарович Домовец жасөспірім кезінде, он жеті жасында майданға кетті. 1942 жылдың ақпан айында Сталинград түбінде ұрысқа қатысты. 1942 жылдың наурыз айынан бастап Курск түбінде, содан кейін Орлов-Курск майданы, Украина, Беларуссия, Польша, Венгрия, Румыния, Чехословакияны азат етуге қатысты. Біздің жерлестеріміз даңқты ерлік жолынан өтіп, із қалдырды.

         Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шарада аудандық Мәдениет үйінің залында соғыс ардагерлерін марапаттады. Беларусь мемлекеті Президентінің атынан медальдар мен алғыс хаттарды аудан әкімі Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров тапсырды.

         Ұлы Отан соғысы ерліктің нысаны ретінде тарихымыздың жадында мәңгі сақталады. Себебі соғыстың таңбасы түспеген, оның жалынынан күймеген отбасы кем-де кем шығар. Аза тұту мен жеңістің қуанышы қатар жүрген зұлым соғыс, басқыншыларымен күресте халықтың жігері мен ерлігі алдында басымызды иеміз. Тарихтың өлшемі бойынша – жетпіс жыл бір сәт, ал адам өмірімен салыстырсақ ол бір ғұмыр. Бірнеше ұрпақ соғыстың қасіретін білмей өсіп келеді. Отанымыздың Тәуелсіздігін қорғап қалған Сіздерге біз мәңгі қарыздармыз.

         Ұлы Жеңіс үшін және еліміздің соғыстан кейін аяғына тік тұруына себепші болған Сіздерге біз басымызды иеміз.

         Амангелді Жәмелұлы ардагерлерге мықты денсаулық, Отанымыздың бейбіт күні астында ұзақ жасауларына тілектес екендігін жеткізді.

                                                                     

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз