Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Аудан әкімінің қатысуымен өткен Жаңа жылдық шырша

Аудан әкімінің қатысуымен өткен Жаңа жылдық шырша

         Ағымдағы жылы 24 желтоқсанда аудандық Мәдениет үйінде мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін мерекелік шырша өтті. Балаларды және олардың ата-аналарын Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж.Тоқтаров құттықтады. Мерекеге ата-аналар, әлеуметтік ұстаздар және қызметкерлер, атқарушы билік органдарының өкілдері карнавалдық киім киген балалармен бірге шыршаны айналып, ән салып, би биледі.

         Ертегі кейіпкерлері де мерекенің сәнін аша түсті. Балалардың қуанышында шек жоқ, әр көрініске қосылып, қуанып отырды. Вокалдық нөмірлер, әсем би, әсерлі ән, жаңа сахналық киімдер ғажайып әлемінде болғандай әсер қалдырды. Әр бала Жаңа жылдық ғажайыпты, Аяз атаны, Ақшақарды асыға күтеді. Ертегі кейіпкерлері, үлкен қуыршақтар, өткен жылдың символы жылқы және келе жатқан жаңа жылдың символы қой, барлық жаңа жылдық әнді жатқа айтатын Аяз ата, Ақшақар балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлады, келесі жылға дейін мықты денсаулық, қуанышпен жүздесулеріне тілек білдірді.

         Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы Ә.Баяндинов және Шемонаиха АІІБ бастығы Д.Ибраев жиналған қауымды жаңа 2015 жылмен құттықтады. Мереке соңында балаларға жаңа жылдық тәттілер мен сыйлықтар тарту етілді.

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз