Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Ұлы Жеңістің батырларына бас иеміз

Ұлы Жеңістің батырларына бас иеміз

   2015 жаңа жылдың қарсаңында елімізде Елбасының бастамасымен жалпыұлттық акция өтуде. Елбасы барлық деңгейдегі әкімдерге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құттықтау ашықхаттарын және сыйлықтар сыйлап, мереке кезінде қамқорлыққа алу туралы тапсырма берді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Ұлы Отан соғысының 5115 қатыушылары тұрып жатыр.

   Шемонаиха ауданының әкімі Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров Ұлы Отан соғысының ардагері Максим Захаровичч Домовецтің отбасында болып, қарттарды Жаңа жылмен құттықтады. Құттықтау барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ашықхатын табыс етіп, дастархан басында 60 жылдан астам уақыт бойы отасқан ардагердің зайыбымен әңгіме өрбітті. Кездесу соңында ардагер Елбасының қамқорлығына ризашылығын білдіріп, балалары мен немерелерінің болашағының жарқын екендігіне сенімін білдірді.

   Құрметті Шемонаихалықтар, барлық қамқорлықты Отан соғысының ардагерлеріне арнайық, себебі жыл санап олардың қатары азайып келеді. Әрине Үкімет тарапынан атқарылып жатқан істер баршылық, болашағымыздың жарқын болуына жандарын, жалынды жастық шақтарын қиып өткен ардагерлерімізді қамқорлыққа алу артық болмас. Ауданымызда 40-астам ҰОС ардагерлері және 1500 астам тыл еңбеккерлері тұрады. Оларды қамқорлыққа алып, құрмет көрсетіңіздер!

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз