Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Жолдау аясында. «Заң алдында барлығы тең»

Жолдау аясында. «Заң алдында барлығы тең»

       2014 жылғы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының сот төрағасы А.Ж.Рахметуллиннің қатысуымен Шемонаиха ауданының идеологиялық активі өтті. Кездесуді Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаров өткізді, сондай-ақ құқық қорғау органдары, прокуратура, бюджеттік, ауданның қоғамдық ұйымдары, БАҚ басшылары және өкілдері қатысты.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол-путь в будущее» Жолдауын Қазақстан халқына түсіндіру аясында, «Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру», «Медиация мәселелері, медиация институтының дамуы», «Діни ағымдардың ерекшеліктері» тақырыптары қаралды, өткізілген заңнама реформаларына және әкімшілік рәсімдерге енгізілген өзгерістерге түсініктемелер берілді.

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз