Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Рождествоны мерекелеу!

Рождествоны мерекелеу!

     Иса пайғамбардың дүниеге келген күні православие мейрамында Шемонаиха ауданының әкімі Амангелді Жәмелұлы Тоқтаров дәстүрлі түрде Шемонаиха қаласындағы Свято-Преображенский ғибадатханасында болып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

     – Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдары бойында біздің көп ұлтты халқымыз татулық пен достықта өмір сүруде, бұл біздің үлкен жетістігіміз. Біздің дініміз – мұсылман немесе православие болсын, не басқа дін болсын – тату. Президенттен бастап бүкіл қазақстандықтар мемлекеттік және діни мейрамдарды бірге тойлайды. Әр адам өз жерлестерінің дінін құрметтеп, әрі қарай да бірлікте өмір сүруіміз керек. Рождество – бұл өзімен бірге қуаныш, бақыт, достық әкелетін ұлы мейрам. Осы мейрамның арқасында діни нанымына қарамастан көптеген адам жиналады. Барлық шемонаихалықтарды Рождество мерекесімен құттықтаймын, денсаулық, бақыт тілеймін. Әрқашан біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда береке, бірлік болсын, – деді аудан әкімі.

     Православиеліктермен әңгімелесу кезінде, әкім халықтың, сондай-ақ жастардың діни тәрбиесінде ғибадатхана мен мешіттердің салыну маңыздылығын айта кетті.

     – Құдай – бір. Бізде бірлікте болуымыз қажет, – деп айта кетті А.Тоқтаров. Адам дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдау үшін жастайынан салауатты өмір салтына, рухани негіздеріне баулу қажет.

     Барлық қатысушыларға, ғибадатхана жанындағы жексенбілік мектепке баратын оқушылар театрланған қойылым көрсетті. Рождество мерекесі күні сыйлықтар ұсынылады.Сондай-ақ, аудан әкімі және Аяз ата театрланған қойылым қатысушыларына және кішкентай көрермендерге сыйлықтар ұсынды.

      Рождество мейрамы қарсаңында Усть-Таловка кентіндегі Свято-Казандік шіркеуіне Шемонаиха ауданы әкімінің бірінші орынбасары И.Тұрнияз, ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Степанова барып, аудан әкімі атынан келушілерді құттықтап, құттықтау хат және тәттілер ұсынды.

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз