Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Жеңіс күні – барлығымызды біріктіретін күн

Жеңіс күні-барлығымызды біріктіретін күн

      Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Шемонаиха ауданының әкімі А.Тоқтаровтың Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесуі дәстүрге айналған. Гүл шоқтары, сыйлықтар және мерекелік концертті ауданымыздың мәдениет қызметкерлері ұйымдастырды. Аудан әкімі Амангелді Жамелұлы Тоқтаров соғыс ардагерлерін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап: «Сұрапыл соғыстың зардабын ұлтына, тіліне қарамастан әр адам басынан өткерді. Сол себепті ұлтына, дініне және жасына қарамастан барлық адамзаттың ортақ мерекесі. Елімізде сұм соғыстың жалыны шарпымаған отбасы жоқ шығар. Біреуі қан майданға аттанса, бірі тылда Жеңісті жақындатуға үлесін қосып, күн, түн демей тынымсыз еңбек етті. Бүгін сіздермен кездесе отырып, осынау мерейлі күні аман-есен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздердің даңқты ерліктеріңіз бен жанқиярлық еңбектеріңіздің алдында басымызды иеміз. Ұрпағымыздың азаттығы мен жарқын болашағы үшін төккен терлеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз біз үшін өнеге. Жоғары патриотизм мен рух әрқайсыңыздың жүректеріңізде сақталған. Жеңіске жігер қосып, бүгінгі күні 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнін тойлауға нәсіп етті. Жеңіс құтты болсын! Мықты денсаулық, Ұрпақтарыңыздың қызығын көріңіздер!».

     Жарқын да қуанышты сәттердің бірі соғыс ардагерлерге пәтер кілтін салтанатты түрде табыс ету болды. Иван Михайлович Крюков Ржев бағытында ұрыстарға қатысып, Курск түбінде қатты жараланды. Осы жылдары І-дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, «Батырлығы үшін» медалімен марапатталды. 2015 жылдың қаңтар айында ардагер 101 жасқа толды. Сонымен қатар Отан соғысының ардагері, концлагерь тұтқыны болған Е.Н.Скрягин де пәтер кілтін әкімнің қолынан алды. Ардагерлерге әлеуметтік тұрғыдан да қамтылған, коммуналдық және өзге де төлемдер, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және пәтерлерінде жөндеу жұмыстары да қарастырылған. Бүгінгі күні Шемонаиха ауданында ардагерлер пәтермен толық 100% қамтылған.

     Өздеріне айтылған алғыстарды тыңдай келе ардагерлер де қалысқан жоқ. Соғыстан кейін өмірге келген ұрпақтарына олар ад алғыстарын жеткізді.

     ҰОС ардагері Иван Михайлович Крюков: «Барлықтарыңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көрсетіп отырған қамқорлығына, аудан әкімі Амангелді Жамелұлы Тоқтаровқа бізге баса көңіл білдіргені үшін көптен-көп рахмет. Денсаулығым бар кезде Барашки ауылында тұрдым. 100 жасқа толған мерейтойымда Амангелді Жамұлымен кздесу барысында пәтер сұрап, өтінім білдірген едім, міне бүгін пәтер кілтін алып отырмын. Тағдырыма ризамын, осы қуанышты сәтті көргеніме, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жаңа пәтерде тойлау қуанышын сыйлағанына. Немерелерім мен шөбелерім бейбіт өмірде тұрып жатыр. Ертеңгі күнге үмітіміз зор. Барлықтарыңызға осындай қуаныш пен бірлік тілеймін».

     Ардагерлер сүйікті әндерін шырқап, осы тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын оқып, жиналғандарды толқытты. Әртістердің шырқаған әндерін тыңдап, жалынды жастық шақтарын, отты қан майданда мерт болған достарын еске алып, көздеріне жас алды. Әсіресе соғыс жылдарында айтылған «Катюша», «Синий платочек» әндері әсерлі болды.  

    Қан майдандағы естеліктерімен соғыс ардагерлері: С.Ж.Ақшал, К.С.Бородин, тыл еңбеккері П.Л.Муравьева бөлісті. Жалынды жастық шақтарын Отан қорғау жолында жұмсаса, бейбіт өмірде де қираған қалалар мен өндірістерді қалпына келтіруге, шаруашылықты көтеруге қатысып, бейбіт өмірде де қатардан қалыспай ұрпақ тәрбиесінде де шет қалған жоқ.      Тыл еңбеккері Е.К.Лисицина жастарға аманат ретінде «Қасиетті соғыс туралы естен шығармауымыз қажет. Қаншама жанның өмірін қиып, жан жарасын салған соғыс, сіздер үшін жас ұрпақ-батырлықтың, патриотизмнің, қайсарлықтың үлгісі болуы тиіс. Жас ұрпақ гитлер басқыншыларымен болған соғыстағы халықтың жанқиялық батырлығы туралы мәңгі естен шығармауы тиіс»,- деп аудан әкімі А.Ж.Тоқтаровқа ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жасап отырған қолдауы мен көмегіне алғысын білдірді.

    Биылғы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту үшін аудан бойынша жоспар жасалды. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ауданның кәсіпорындары, мекемелері, білім беру мекемелері құттықтап, сыйлықтар ұсынды. Мерейтой медальдары, ашық хаттар табыс етілді.

     Бүгінгі күні Шемонаиха ауданында 32 соғыс ардагері мен бір жарым мыңнана астам тыл еңбеккерлері тұрып жатыр. Ардагерлерге қамқорлық жасау мемлекетіміздің басты саясаты. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан қарттарымызды көзі тірісінде қамқорлыққа алып, Отанға қауіп төнгенде кеудесін оққа тосқан аталарымыз бен апаларымызды мәңгі есте сақтау біздің және келер ұрпақтық парызы.

 

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз