Сіздерді жеке ресми сайтымда қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл блог тұрғындармен қатынас жасауға, әр түрлі жағдайларға байланысты сын-пікірлермен алмасуға, ақпарат алуға құрылған. Интернет ғаламторында қарым-қатынас жасау барлығымызға тиімді. Өзімнің блогыма аудан өмірін дамыту мәселесі толғандыратын, біздің өміріміздің жақсы өзгерістеріне құлшынған оқырмандарды шақырамын. Қызықты мәселелер, іскер ұсыныстар мен ескертулерді күтемін. Оларды мен ескерусіз қалдырмаймын,  мәселені шешуге барлық басқармалар мен бөлімдер, қала, кенттер және ауылдық округтің әкімдері қосылады. Блог Шемонаиха ауданының дамыту бойынша бірлесіп атқарған істерімізді жақсартуға көмегін тигізеді деп үміттенемін.

Құрметті шемонаихалықтар!

Құрметті шемонаихалықтар!

16 желтоқсан күні біздің еліміз ең басты ұлттық мереке-Тәуелсіздік күнін мерекелейді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқы Елбасының басшылық етуімен өз күшіне сене отырып еліміздің іргесін қалады.

Қазақстан – әлемдегі өмір сүру жағдайын жасауда барлық жақтан қамтуға ұмтылған теңдесі жоқ қазіргі әлемдегі мемлекеттердің бірі. Білім беру, денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік жаңғыртуда прогрессіз елестету  және мүмкін емес. Қоғамдық өмірдегі әр салалардың дұрыс қарым-қатынасы және теңгерімі Қазақстанның жүргізіп отырған саясатының ерекшелігін құрайды.

Қазіргі Қазақстанның Тәуелсіздігі- халықпен мемлекеттің қажырлы еңбегімен, бірлігімен келген ерекше құбылыс.

Шемонаиха ауданы көптеген бағыттар бойынша алдыңғы ұстанымды иемденіп, серпінді дамып келеді. Экономика, әлеуметтік сала тұрақты дамуда. Жайлы инвестициялық климат сақталуда. Шағын және орта бизнеспен айналысатын азаматтардың саны артып келеді. Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты жақсарды.

Қымбатты жерлестер! Бұл мейрам ертеңгі күнге деген үмітімізге сенім арттырып және қойған мақсатқа жетуде жігерге толы болсын. Әр шемонаихалық ауданның жеткен жетістіктерін бағалап, арттыруда өз үлесін қоса отырып, өз тағдырының жасаушысы, еңбекқор азамат болуына тілектеспіз.

Мықты денсаулық, сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға молшылық, Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуіне қосқан еңбектеріңіз табысты болсын!

 

                                               А.Тоқтаров, Шемонаиха ауданының әкімі

Ә.Баяндинов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Пікір жоқ »

Пікір жазылмаған

Пікір жазыңыз